Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің
Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі

Директор блогы

Қуандық Насихатұлы МӘДІРОВ, 1965 жылы 10 шілдеде Атырау облысында туған. Суретші, композитор. ҚР Суретшілер және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі. Қазақстан композиторлары авторлар қоғамының мүшесі. «Тұран» халықаралық сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет саласының үздігі.
1990 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін және 2006 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика институтын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Оқушылар мен студенттерге арналған 50-ден астам ғылыми, публицистикалық мақалалардың, 30-ға тарта әдістемелік-оқу құралдарының, каталог, альбом-кітаптардың авторы.
Қазір Орал қаласының білім беру бөлімінің «Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі» МКҚК директоры қызметін атқарады.
Өмірбаяны Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясына енген. Әр жылдарда жазылған ән-романстары облыс, республика көлеміндегі кәсіби ұжымдар мен балалар музыка мектептерінің, сондай-ақ жеке әншілер репертуарларынан орын алған. Облыстық радио мен телевидение қорында бірнеше музыкалық шығармалары сақтаулы. Атырау, Батыс Қазақсан облысы композиторлар антологиясына бірнеше әндері жарияланған.
Көркемсурет туындылары республика мұражайлары мен жеке коллекцияларға алынған.

Атқаратын қоғамдық жұмыстары:
2012 жылдан - «Нұр-Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту жөніндегі аумақтық кеңесінің мүшесі, 2016 жылдан БҚО-дағы төрағасы.
2013 жылдан - ҚР БҚО Суретшілер одағының төрағасы;
2019 жылдан – БҚО қоғамдық Кеңесінің мүшесі.

Мемлекеттік наградалары, марапаты (қысқаша):
2019 жыл – жоғарғы және жоғарғы мектептен кейінгі білім беру саласының «Үздік педагогы», медаль (ҚР ЖОО ассоциациясының президенті Р. Алшанов, Алматы);
2015 жыл – «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мемлекеттік мерекелік медалі (ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Астана);
2011 жыл - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл» мемлекеттік мерекелік медалі (ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Астана);
2015 жыл – «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (министр А. Мухамедиұлы, Астана);
2015 жыл – «Қадыр Мырза-Әлі атындағы алтын медаль» (Шығармашылық жетістігі үшін, Қ. Мырза-Әлі республикалық қоры, Алматы);

Ғылыми-шығармашылық атақтары мен жетістіктері (қысқаша):
2019 жыл – Халықаралық «Тұран» Сыйлығының лауреаты (Алматы);
2018 жыл - М.Өтемісов атындағы БҚМУ қауымдастырылған профессоры (ғылыми кеңес шешімімен, №6 хаттама);
2015 жыл – Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі (Астана, Қазақстан);
2009 жыл – ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» (министр Жансейіт Түймебаев, Астана);
2005 жыл – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (Алматы, Қазақстан);

Эл. пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
тел: 8-771-866-66-11

Хабарлама жіберу


FcaRFLM
Drug information. What side effects? get levaquin Everything trends of pills. Read information here.

Сәрсенбі, 30 Қараша 2022
HuaXNVM
Get ready for the biggest promotions and bonuses on our website. Casino details include the latest information on sign-up bonuses, loyalty and promotional offers and more! Nomini Casino Review>

Сәрсенбі, 30 Қараша 2022
PqdZPVT
Get ready to have a good time with Casino. From 1500+ games up to 3750 games with the latest releases and exclusive slots, we have you covered in every way https://bestbitcoincasino.review/wallets/bitgo-wallet

Сәрсенбі, 30 Қараша 2022
FquISUY

Сейсенбі, 29 Қараша 2022
IhxCDLW

Сейсенбі, 29 Қараша 2022